Accessibility links

Бүгін Хорватия сербтерінің бұрынғы көсемі Горан Хаджич кезіндегі Югославиядағы әскери қылмысы үшін Халықаралық трибунал алдында жауап береді.

Ол 1991 жылы 250 тұтқынды өлтірді және Вуковар қаласын қиратуға қатысты деп айыпталып отыр. Оған басқа да айыптар тағылған.

Бүгінгі сот отырысында айыптау пункттері толықтай оқылады.

Хаджич - Гаага соты әскери қылмысқа барды деп айыпталған 161 адамның соңғысы.

2004 жылдан бері бой тасалап жүрген ол шілденің 20-сында Сербияда қолға түскен еді.
XS
SM
MD
LG