Accessibility links

Ертісбаев Назарбаевтың ықтимал ізбасары ретінде Құлыбаевты атады


Тимур Құлыбаев.

Тимур Құлыбаев.

"Президент Назарбаевтың денсаулығы жақсы және келесі сайлауға дейін билікте қалады,"- деп мәлімдеді Назарбаевтың кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев.

Дүйсенбі күні Ресейдің "Коммерсантъ" басылымында шыққан сұқбатында ол елде төтенше жағдай бола қалса, Тимур Құлыбаев Назарбаевтың ізбасары болуы ықтимал екенін меңзеді.

Ертісбаев Нұрсұлтан Назарбаевтың күш-қуаты бабында екенін айтты.

Ол Назарбаевтың өткен аптада Гамбург клиникасына жатқанын да сөз еткен. Президент кеңесшісінің айтуынша, «бұл - әдеттегі жоспарлы тексеру» болған.
XS
SM
MD
LG