Accessibility links

Фукусимада жер сілкінді


Цунамиден кейінгі Фукусима атом электр стансасы. 16 сәуір 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Цунамиден кейінгі Фукусима атом электр стансасы. 16 сәуір 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Жапонияның солтүстік-шығысында Рихтер бағамы бойынша 6,2 баллдық жер сілкінісі болды.

Мәліметтерге қарағанда, зілзала кіндігі Тынық мұхитының түбінде тереңдігі 35 шақырымнан астам тұста, Фукусима жағалауынан 94 шақырым қашықтықта болған. Әзірге жер сілкінісінің зардабы жайында хабарланбады.

Биыл 11 наурыздағы цунами кезінде Фукусимада 23 мыңнан аса адам құрбан болған еді.
XS
SM
MD
LG