Accessibility links

Америкалық елші Ауғанстанда АҚШ-тың тұрақты базасы болмайды деді


АҚШ елшісі Райан Крокер Кабулдағы ант қабылдау кезінде. 25 шілде. 2011 25Jul2011

АҚШ елшісі Райан Крокер Кабулдағы ант қабылдау кезінде. 25 шілде. 2011 25Jul2011

Кабулға келген АҚШ-тың жаңа елшісі Құрама Штаттар Ауғанстанда тұрақты әскери базалар құруға мүдделі емес деді.

АҚШ елшісі ретінде қызметіне жаңа кіріскен Райан Крокердің айтуынша, Вашингтон Кабулды Ауғанстанның көршілеріне ықпал ету алаңы ретінде пайдаланғысы келмейді.

АҚШ НАТО бастаған күштер ел қауіпсіздігін ауғандық әскерге табыстап кететін 2014 жылдан кейінгі Ауғанстандағы Американың ролі қандай болуы тиіс деген тұрғыда ауған үкіметімен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Әдетте АҚШ елшілері Вашингтонда ант қабылдап, қызметіне кіріссе, Крокер Кабулда ант қабылдауды жөн көрген.
XS
SM
MD
LG