Accessibility links

Ресей Булгария кемесінде болған соңғы екі мәйітті тапты


"Булгария" туристер кемесі суға батқан аймаққа гүл шоқтары тасталды.
"Булгария" туристер кемесі суға батқан аймаққа гүл шоқтары тасталды.
Бүгін Ресей ең үлкен кеме апатында қаза тапқан 122 адамның соңғы екеуінің мәйітін тапқанын хабарлады.

Ресейдің аймақтық төтенше жағдайлар министрлігі шілденің 10-ы күні Еділ өзенінде суға батқан "Булгария" кемесінде 72 әйел, 28 бала және 22 ер адам болғанын мәлімдеді.

Жасалғанына 56 жыл болған кеменің бір моторы дұрыс істемей тұрған және тым көп адамды толтырып алған кеменің жұмыс істеуге рұқсат қағазы болмаған.

Тергеушілер кеме апатына қатысты саяхатты ұйымдастыруы оператор мен лицензия беруші ресми өкілдерді қамауға алды. Егер олардың айыбы дәлелденсе, әрқайсысы 10 жылдан түрме жазасын алуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG