Accessibility links

Құлыбаев Ертісбаевтың айтқанын "бос сөз" деді


Тимур Құлыбаев.

Тимур Құлыбаев.

Дүйсенбі күні президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев қазіргі таңда президенттің ізбасары жөнінде мәселе көтерудің жөн еместігін мәлімдеді.

Бұл турасында "ҚазТАГ" агенттігі хабарлады. Кеше Ресейдің "Коммерсантъ" басылымына жарияланған сұқбатында президенттің саяси мәселе бойынша кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев Құлыбаевтың Назарбаевтың ізбасары бола алатындығын айтқан еді.

Тимур Құлыбаев "Қазіргі президенттің тұсында және оның денсаулығы жөніндегі прессадағы шудан кейін мұндай жайды айту бері дегенде, жөн емес,"-дейді.

Өзінің экономикалық мәселелермен ғана айналысатындығын және онысы өзіне ұнайтындығына тоқталған Құлыбаев "Өзімді ешқашан да саясаткер ретінде көрсеткен емеспін",-деді.

Айтуынша, таяу күндері Құлыбаевтың Ертісбаевпен кездескісі келеді. "Оның "Коммерсантъ" газетіне берген сұқбатында айтқаны - толығымен бос сөз. Оның айтқаны мен үшін мүлде күтпеген жағдай болды", - деп атап көрсеткен Құлыбаев.

Назарбаевтың ортаншы қызы Динараға үйленген Тимур Құлыбаев биылдан бастап "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқарып келеді. Бұл қорға Қазақстанның стратегиялық активтері шоғырландырылған болатын.
XS
SM
MD
LG