Accessibility links

Лукашенко Орталық Азиядағы жағдайға алаңдаушылық білдірді


Беларусь президенті Александр Лукашенко.

Беларусь президенті Александр Лукашенко.

Беларусь президенті Александр Лукашенко Орталық Азия елдеріндегі жағдайға алаңдаушылық білдірді.

Беларусь президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл туралы ол дүйсенбі күні Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымы бас хатшысы Николай Бордюжамен кездесуінде айтты.

«Жасыратын дәнеңесі жоқ, бүкіл мұсылман әлемі буырқанып жатыр. Біздің мұсылман елдерінде де жағдай күрделенуі ғажап емес» дейді Лукашенко.

Оның айтуынша, Тәжікстанда, Өзбекстанда және Қырғызстанда түйткілдер көп.

«Қазақстан да жан-жағынан «қызып» келеді» деді Беларусь президенті.
XS
SM
MD
LG