Accessibility links

Тәжік күштері түрмеден қашқан тұтқынның бірін өлтірді


Тәжікстандағы содырлармен қақтығыста жараланған қауіпсіздік күштері.

Тәжікстандағы содырлармен қақтығыста жараланған қауіпсіздік күштері.

Тәжікстан Ішкі істер министрлігі хабарлағандай, қауіпсіздік күштері бір жылдай бұрын түрмеден қашқан 25 сотталғанның біреуін өлтіріп, тағы бірін қайта қамауға алды.

Исламшыл жауынгер делінген тұтқындардың екеуі әлі қолға түскен жоқ. Душанбеден 250 шақырымдай жерде өткен қақтығыс кезінде бір қауіпсіздік әскері мерт болған.

Тәжікстан 2010 жылы тамызда елдің шығысындағы түрмеден қашқан тұтқындармен күресін жалғастырып келеді. Президент Имомали Рахмон түрмеден қашу оқиғасынан кейін бірқатар қауіпсіздік қызметінің басшыларын орнынан алды.

Тәжік билігі 16 тұтқынды қайтадан қамауға алғанын айтып отыр.
XS
SM
MD
LG