Accessibility links

Ерлан Сыдықов Еуразия университетінің ректоры болып тағайындалды


Қазақстан президентінің билігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі бастамашыл топтың жетекшісі Ерлан Сыдықов. Алматы. 12 қаңтар. 2011
Қазақстан президентінің билігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі бастамашыл топтың жетекшісі Ерлан Сыдықов. Алматы. 12 қаңтар. 2011
Қазақстан президентінің жарлығымен Астанадағы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жаңа ректоры болып Ерлан Сыдықов тағайындалды. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан агенттігі хабарлап отыр.

Осы оқу орнының бұрынғы басшысы Бақытжан Әбдірайымов қызметінен алынған.

Ерлан Сыдықов Семей мемлекеттік университетінің ректоры болған кезінде Қазақстан президентінің өкілетін 2020 жылға дейін ұзарту жөнінде референдум өткізу бастамасымен шығып, идеяны қолдаушылардың 5 миллионнан аса даусын жинаған болатын.
XS
SM
MD
LG