Accessibility links

НАТО Косово шекарасындағы дағдарысты реттеуге тырысуда


Косово шекаралық полиция жасағы. 18 маусым. 2011

Косово шекаралық полиция жасағы. 18 маусым. 2011

Косоводағы НАТО өкілі Ралф Адамец әскери альянс Сербиямен шекараға күшті бақылау орнатқан Косово полициясымен келіссөздер жүргізіп, жағдайды реттеуге тырысып жатқанын айтты.

Өткен түнде Косовоның арнайы полиция күштері елдің солтүстігіндегі сербтер тұратын бір шекара аймағына орналастырылды. Бірақ сербтер екінші шекара бекетіне кедергі жасап, әскерді кіргізбеді.

Косовоға қатысты Сербияның мемлекеттік хатшысы Оливер Иванович шекарада жағдай қиындап кетті деп айтты. Косоводағы Еуропа Одағының миссиясы Косово билігін біржақты әрекетке бармауға шақырды.

Сербия 2008 жылы Косовоға енгізген эмбаргосын алудан жақында бас тартқаннан кейін Косово өткен аптада Сербиядан келетін импортқа тыйым салды. Этникалық албандар басым тұратын Косово осыдан 3 жыл бұрын Сербиядан тәуелсіздік алып, бөлініп шыққан.
XS
SM
MD
LG