Accessibility links

Мүбәрәк ас-судан бас тартты


Хұсни Мүбәрәк.
Хұсни Мүбәрәк.
Египеттің бұрынғы президенті Хұсни Мүбәрәктің өзін әлсіз сезініп, ас-судан бас тартқаны хабарланды.

Жергілікті МЕНА агенттігі сейсенбі күні осындай хабар таратты. Бұның алдында бұрынғы президенттің өлімі жайында айтылған еді.

Билікті жеке бас мүддесіне пайдаланды және бейбіт шерушілерді өлтірді деп айыпталған Хұсни Мүбәрәктің соты тамыздың 3-іне белгіленіп отыр.

83 жастағы Мүбәрәктің ас-судан бас тартуын египеттіктер соттан қашқақтау деп біледі.

Египеттің бұрынғы президенті сәуір айынан бері Шәрм әш-Шейхтегі госпитальда үйқамаққа алынды.
XS
SM
MD
LG