Accessibility links

Сауд Арабиясында "Амнести Интернэшнл" сайты ашылмай тұр


Адам құқығын қорғайтын «Амнести Интернэшнл» халықаралық ұйымы өз сайтының Сауд Арабиясында шілденің 25-інен бері ашылмай қалғанын хабарлады.

Бұл әрекет шілдінің 22-сінде ұйым сайтына лаңкестікпен күрес жобасы жарияланған соң басталды. Жобада Сауд Арабиясының өзгеше ойлайтын адамдарды басып-жаныштайтыны айыпталған еді.

Егер заң жобасы мақұлданатын болса, Сауд Арабиясы айып тақпай-ақ кез-келген адамды ұзақ мерзімге қамай алады. Бұл заң жобасында король мен оның мұрагерін сынаған адамды 10 жылдан аса түрмеге қамау көзделген.

Сауд Арабиясы айыптарды жоққа шығарып, заң жобасы жүйеге қарсылық көрсеткендерге емес, лаңкестікпен күреске бағытталғанын айтады.

Сауд Арабиясы ақпарат министрлігінің өкілі Абдур-Рахман әл-Хазза "Амнести Интернэшнл" ұйымы сайтының неліктен бұғауланғанына түсінік берген жоқ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG