Accessibility links

Қандағар әкімі жанкештінің шабуылынан қаза тапты


Қандағар қаласының әкімі болған Гулам Хайдар Хамиди.

Қандағар қаласының әкімі болған Гулам Хайдар Хамиди.

Ауғанстан билігі елдің оңтүстігіндегі Қандағар қаласының әкімі Гулам Хайдар Хамидидің бүгін жарылыстан қаза тапқанын хабарлады. Әкім өз кеңсесі жанында жасалған жанкештінің шабуылынан мерт болды.

Осыдан екі апта бұрын Ауғанстан президентінің бауыры, елдің оңтүстігіндегі ең ықпалды адам Ахмад Вали Карзай да Қандағар қаласында қастандық құрбаны болған.

Қандағар - тәліптердің көп шоғырланған жері.

Бірер күн бұрын президент Карзайдың аға кеңесшісі Жан Мохаммед Ханды да Кабул қаласындағы үйінде өлтіріп кетті.

Бұл қақтығыстардың бәрі НАТО күштері ел қауіпсіздігіне жауапкершілікті ауғандық жасақтарға тапсырып жатқан кезде болды.
XS
SM
MD
LG