Accessibility links

Еуропа одағы мен АҚШ Косовоны сабырға шақырды


Косовоның арнайы полиция күштері этникалық бөлінген Митровица қаласында, 26 шілде. 2011 жыл.

Косовоның арнайы полиция күштері этникалық бөлінген Митровица қаласында, 26 шілде. 2011 жыл.

АҚШ пен Еуропа одағы этникалық албандар жетекшілігіндегі Косовоның Сербиямен шекаралас екі аймағына бақылау орнатпақ болған әрекетінен туындаған шиеленісті жағдайды реттеуге шақырып отыр.

Сербтер басым тұратын шекаралық аймақтағы қақтығыста косоволық бір әскер басынан жараланып, қаза тапқан еді. НАТО өзінің бітімгер күштері аймақтағы жағдайды жіті бақылауда ұстап отырғанын айтты.

Еуропа одағының сыртқы саясат бойынша басшысы Кэтрин Эштон Сербия президенті Борис Тадич пен Косово премьер-министрі Хашим Тачиді жағдайды реттеу үшін тез арада әрекет етуге шақырды.
XS
SM
MD
LG