Accessibility links

Ресейдің 60 өкіліне АҚШ-қа кіруге тыйым салынды


Ресейлік заңгер Сергей Магнитский. 29 желтоқсан. 2009 жыл.

Ресейлік заңгер Сергей Магнитский. 29 желтоқсан. 2009 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама әкімшілігі 2009 жылы түрмеде қаза тапқан заңгер Сергей Магнитскийдің өліміне қатысты Ресейдің ондаған ресми өкіліне АҚШ-қа кіруге тыйым салды.

Хабарларға қарағанда, АҚШ конгресі Магнитскийдің қазасына қатысы бар деген 60 ресейлік ресми өкілге виза шектеуі мен құнды заттарын тәркілеу сияқты санкцияларды қарастырған.

АҚШ Ресей билігінің бұл өкілдерін "түрмеде жатқан заңгер Сергей Магнитскийге қажетті көмек көрсетуден бас тартқан" деп айыптап отыр.
XS
SM
MD
LG