Accessibility links

Ливия көтерілісшілері Каддафи күштеріне қарсы шабуылға әзірленіп жатыр


Ливия көтерілісшілері Муаммар Каддафи күштеріне қарсы шабуылға әзірленіп жатыр.

Бейсенбі күні Reuters агенттігіне көтерілісшілер әскерінің қолбасшысы Омар Факкан осылай деп хабарлады. Айтуынша, олар Тунис шекарасындағы Гезайа қаласындағы Каддафи күштеріне шабуыл жасамақшы. Көтерілісшілер бірнеше қаладан келіп, Нафус тауына жиналып отыр.

Сәрсенбі күні Ливия билігі Ұлыбританияның көтерілісшілердің өтпелі ұлттық кеңесін бірден бір заңды орган ретінде қабылдау жөніндегі шешімін айыптады. Ұлыбритания сыртқы істер министрі Уильям Хейг Ливия елшілігі қызметкерлерін елден шығару шешімі жөнінде де айтқан еді.
XS
SM
MD
LG