Accessibility links

"Әл-Қаида" Сирия шерушілерін АҚШ пен Израильге сенбеуге шақырды


"Әл-Қаида" ұйымының жетекшісі Айман әз-Завахири.

"Әл-Қаида" ұйымының жетекшісі Айман әз-Завахири.

"Әл-Қаида" ұйымының жаңа басшысы Айман әз-Завахири Сирия шерушілерін АҚШ пен Израильге сенбеуге шақырды.

Ол интернет арқылы бейне-жолдау таратты. Онда әз-Завахири АҚШ пен Израильдің Сирия шерушілеріне ықыласы шынайы емес деді.

Египеттен шыққан Айман әз-Завахири Усама бин Ладенннің орнына маусым айында "әл-Қаиданың" жетекшісі болып тағайындалған еді.

Төрт ай бойы билікке қарсы тұрған Сирия шерушілеріне бұл ұйымның ықпалы қаншалықты екендігін дәлелдейтін дәйек әзірге жеткіліксіз.

АҚШ Сирияның шерушілерді басып-жаныштағанын айыптаған еді. Шілденің басында АҚШ-тың Сириядағы елшісі Роберт Форд билікке қарсыларды қолдау үшін Хам қаласына барған болатын.

XS
SM
MD
LG