Accessibility links

Ұлыбританияда іздеуде жүрген топтың бір хакері ұсталды


Компьютерлік код. (Көрнекі сурет)
Компьютерлік код. (Көрнекі сурет)
Британдық Скотленд-Ярд әйгілі "Люлз Секьюрити" хакерлер тобының мүшесі болуы мүмкін бір адамды ұстағандарын хабарлады. "Топиари" деген бүркеншік атпен мәлім 19 жастағы хакер сәрсенбі, 27 шілде күні Шотландияның маңындағы Шетландия аралында тұтқындалған.

"Люлз Секьюрити" - Anonymous деген атпен мәлім ірі хакерлік топтың бөлімшесі. "Люлз Секьюрити" британиялық ұйымдасқан қылмыспен күрес агенттігінің, АҚШ сенатының сайттарына жасалған кибер-шабуылдың жауапкершілігін өзіне алған.

Күдікті хакер ұсталған күні Anonymous және "Люлз Секьюрити" топтары біріккен мәлімдеме жасап, «Викиликс» веб-сайтының есепшотына ақша аударудан бас тартқан «ПейПел» халықаралық электрондық төлем жүйесіне бойкот жариялауға шақырды.
XS
SM
MD
LG