Accessibility links

Жүз мыңдаған пәкістандық үйлерін тастап кетті


Куррамнан көшіп бара жатқан отбасы. Пәкістан, 9 шілде 2011 жыл.

Куррамнан көшіп бара жатқан отбасы. Пәкістан, 9 шілде 2011 жыл.

Пәкістан армиясы елдің Ауғанстанмен шекаралас Куррам ауданында содырларға қарсы операция бастаған соң осы маңдағы жүз мыңдаған адам көшіп жатыр.

Қазірге дейін 10 мыңдай отбасы немесе 100 мыңдай адам бұл ауданнан кетті деп хабарлайды босқындарға көмектесу мәселесіне жауапты Сахибзада Анис.

Ауғандық содырлар мен тәліптердің базалары, жаттығу лагерьлері орныққан Куррамдағы әскери қимылдар биыл шілдеде басталған. Тайпалар аймағы аталатын жеті ауданның бірі Куррамда ауған тәліптері мен "әл-Қаида" аса белсенді әрекет етеді.
XS
SM
MD
LG