Accessibility links

Ресей АҚШ-тың Магнитскийге байланысты "қара тізіміне" қарымта қайтарады


Заңгер Сергей Магнитский. Ресей, 29 желтоқсан 2006 жыл.

Заңгер Сергей Магнитский. Ресей, 29 желтоқсан 2006 жыл.

Заңгер Сергей Магнитскийдің өліміне қатысы бар деген күдікке іліккен ресейлік шенеуніктердің АҚШ-қа келуіне тыйым салған Вашингтонның әрекетіне қарсы Мәскеу де өзінің америкалық лауазымды тұлғаларды қамтыған "қара тізімін" дайындайды.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Наталья Тимакованың мәлімдеуінше, Дмитрий Медведев осындай бұйрық берген.

Hermitage Capital қорының заңгері Сергей Магнитский 2009 жылы Мәскеудегі тергеу изоляторында көз жұмған. Оның өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалып, түрменің бұрынғы бірнеше қызметкеріне айып тағылған.
XS
SM
MD
LG