Accessibility links

Қазақстан мұнай өнімдері экспортына баж салығын өсірді


Маңғыстаудағы мұнай сорғысы.
Маңғыстаудағы мұнай сорғысы.
Қазақстан үкіметі мұнай өнімдерінің экспорттық кедендік баж салығын арттырды.

Үкіметтің бүгін ресми ақпарат құралдарында жарияланған қаулысына сәйкес, ашық түсті мұнай өнімдерінің бір тоннасының баж салығы 98,13-тен 114,05 долларға, қара түсті мұнай өнімдерінікі – 65,42-ден 76,03 долларға өсірілді.

Шикі мұнайдың бір тоннасының экспорттық баж салығы бұрынғыша 40 доллар күйінде қалды.

Қаулы жарияланған сәтінен бастап 10 күннен кейін күшіне енеді.

Қазақстан мұнайға экспорттық баж салығын 2010 жылдың тамызында енгізген.
XS
SM
MD
LG