Accessibility links

Өзбекстан қазақстандық саяхатшыларға айып тақты


Өзбекстан билігі қазақстандық саяхатшыларға шекарадан заңсыз өтті және қару әкелді деген айып тағып отыр.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаровтың айтуынша, бір саяхатшыдан тегіс оқпанды тапанша табылған. "Қазақстанның дипломатиялық өкілдігі отандастарымызды қайтару мәселесін қарастырып жатыр" деп мәлімдеді ол.

Осыған дейін Оңтүстік Қазақстан облысында Майдантауға шығамыз деп кеткен 12 адамнан құралған саяхатшылар тобы 20 шілдеде қайтулары керек болған. Бірақ олардан мүлде хабар болмаған соң құтқару шаралары басталған. Шілденің 14-15-і күндері саяхатшыларды Өзбекстанның қауіпсіздік қызметі ұстаған деген хабар келді.
XS
SM
MD
LG