Accessibility links

Бітімгер жасақ Косовоның солтүстігіндегі тексеру пунктін бақылауға алды


Косоводағы АҚШ сарбаздары. 28 шілде 2011 жыл.
Косоводағы АҚШ сарбаздары. 28 шілде 2011 жыл.
Косовоның солтүстігінде, Сербиямен шекарадағы екі тексеру-өткізу пунктін америка және француз бітімгер күштері өз қарауына алды.

Бұл маңда сәрсенбі күні жергілікті екі жүздей серб полицейлерге шабуыл жасаған еді. Бір полицей қаза тауып, бір тексеру пункті өртеніп кетті. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Сербияның өтінішімен қарулы қақтығысқа байланысты төтенше жиын өткізді.

Дүйсенбі күні оқиға болған маңдағы тексеру орындарына Косово полициясының арнайы бөлімшесі келді. Олар Приштинаның Сербиядан товар өткізбе деген тыйымы қалай орындалып жатқанын бақылайды. Бұған дейін Косовоның тәуелсіздігін мойындаудан бас тартқан Белград да осындай тыйым салған.
XS
SM
MD
LG