Accessibility links

Польша Смоленск маңындағы ұшақ апатына Ресейді айыпты деп тапты


Смоленск маңында апатқа ұшыраған поляк ұшағы, Ресей, 10 сәуір 2010 жыл.

Смоленск маңында апатқа ұшыраған поляк ұшағы, Ресей, 10 сәуір 2010 жыл.

Польша ел президенті Лех Качиньскийдің және басқа 95 адамның өліміне себеп болған ұшақ апатына байланысты ақырғы есебін бүгін жариялады.

Ту-154 ұшағы қолайсыз жағдай мен ресейлік әуежай қызметкерлерінің теріс бұйрықтары кесірінен апатқа ұшыраған деген қорытындыға келген сарапшылар.

Олар Смоленск-Северный аэродромындағы жарық жүйесі дұрыс істемеген, ресейлік қызметкерлер Ту-154-тің ұшқыштарына теріс бұйрық берген деген шешім шығарды.

Польша президенті Лех Качиньский мінген ұшақ 2010 жылы 10 сәуірде қалың тұман кезінде Ресейдің Смоленск қаласы маңындағы әуежайға қонарда апатқа ұшыраған еді. Ұшақтағы 96 адам - президент, оның жұбайы және лауазымды шенеуніктер түгел қаза болған.

Ресейдің 2011 жылы қаңтарда жариялаған есебі бойынша, апаттың жалғыз себебі - поляк экипажының қате әрекеттері. Польша бұл шешімге наразылық танытқан.
XS
SM
MD
LG