Accessibility links

НАТО ливиялық теледидар кешенін әуеден нысанаға алды


Триполидегі НАТО-ның әуе соққылары.

Триполидегі НАТО-ның әуе соққылары.

НАТО әскерилері өздерінің соғыс ұшақтары Ливияда бейбіт халықты қорқытып-үркітіп, қақтығыс тудырып отырғаны үшін мемлекеттік хабар таратушы телеарналар желісін нысанаға алғанын хабарлады.

НАТО өкілінің айтуынша, әуе шабуылы хабар таратуды тоқтату үшін жасалды. НАТО-ның бұл мәлімдемесінен кейін де Ливия телидидары әуеде болды. Олар НАТО-ның әуе соққысы Триполидегі бейбіт нысандарды атқылады деді. Бірақ ол мәлімет әлі расталған жоқ.

НАТО наурыз айынан бері Ливияның жетекшісі Муаммар Каддафиге жақын нысандарға шабуылдап келеді. Олар Каддафидің 41 жылдық режиміне қарсы шыққан халықты қорғау мақсатында БҰҰ-ның қарарымен Ливияда әскери операциялар жүргізіп келеді.
XS
SM
MD
LG