Accessibility links

Украинадағы шахта апаттарынан қаза тапқандар 25-ке жетті


Украинаның шығысындағы көмір шахтасы. 29 шілде.2011

Украинаның шығысындағы көмір шахтасы. 29 шілде.2011

Украинаның шығысындағы екі бірдей көмір шахтасында болған апаттар кемінде 25 адамның өмірін қиды. Тағы 12 кенші жоғалғандар тізімінде.

Украинаның төтенше жағдайлар министрлігі Луханск аймағындағы көмір шахтасында болған жарылыстан 18 адамның қаза тапқанын растады. Бұл шахтадағы 8 кенші әлі табылмай, екеуі ауыр жарақатпен ауруханаға түсті.

Көршілес Донец өңіріндегі шахтада лифтінің құлауынан құрбан болғандар саны 6-ға жетті. Макияивка қаласындағы шахта апатында тағы бес адам табылмай жатыр.

Украинаның көмір шахталары ескі жабдықтары мен қауіпсіздік шаралары дұрыс қамтылмаған әлемдегі ең қауіпті шахталардың қатарында.

Украина президенті Виктор Янукович жұма күні апат болған Луханск аймағына барып, үкімет жағдайды тергеуге алады деп уәде берді. Жексенбі күні Украина халқы шахтадағы апаттарға қатысты аза тұтады.
XS
SM
MD
LG