Accessibility links

Өзбекстанда ұсталған жасөспірім саяхатшылар босатылды


Тауда жүрген қырғызстандық жасөспірім.

Тауда жүрген қырғызстандық жасөспірім.

Өзбек билігі Оңтүстік Қазақстан тауларында адасып, Өзбекстан жағына өтіп кеткен жасөспірім туристерді босатты. Бұл туралы хабарлаған Интерфакс-Қазақстан ақпарат агенттігі сенбі күні Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінің бас консулына сілтеме жасап айтып отыр.

Консул Бабыр Дәуренбектің айтуынша, саяхатшы балаларды Қазалкентке апарып, құжаттарын реттегеннен кейін Оңтүстік Қазақстанға жеткізіледі. "Қазақстандық туристер елшілік қызметкерлерімен бірге жүр",- деді Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров.

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында үш ересек адам тоғыз жасөспірімді алып тауға шыққан соң, белгіленген мерзімге оралмаған. Кейін оларды Өзбекстан қауіпсіздік қызметі 14 шілдеде қамауға алғаны мәлім болды. Ал ұсталған үш ересек адамның қашан босатылатыны туралы айтылмады.
XS
SM
MD
LG