Accessibility links

Ливия көтерілісшілері қолбасшыларының өлімін анықтап жатыр


Ливия көтерілісшілері Каддафи күштерімен атыста.
Ливия көтерілісшілері Каддафи күштерімен атыста.
Ливия көтерілісшілерінің қолбасшысы Абдел Фатх Юнусты исламшыл жауынгерлер өлтіріп кетті.

Ливия оппозициясының өкілі Али Тароуни қастандық шабуылы тергеліп жатқанын айтты. Шабуыл жасаушылар әлі бостандықта жүр.

Ливия үкіметінің өкілі Мұса Ибрахимнің сөзіне қарағанда, Юнусты әл-Қаида жасағы өлтірген және бұл көтерілісшіл жетекшілердің әлсіз екенін дәлелдеді деді ол.

Бұл тұста өткен түні НАТО-ның соғыс ұшақтары Триполидегі мемлекеттік хабар таратушы теледидар орталығына шабуылдағаны айтылып жатыр. НАТО өкілі әуе соққысының мақсаты қақтығыс тудыратын хабар таратуды тоқтату екені айтылды.
XS
SM
MD
LG