Accessibility links

Сирия күштері Хама қаласына танкілермен енді


Сирияның Хама қаласында жұма намаздан кейін үкіметке қарсы үлкен шеру өтті. 29 шілде. 2011
Сирияның Хама қаласында жұма намаздан кейін үкіметке қарсы үлкен шеру өтті. 29 шілде. 2011
Сириялық әскердің танкілері Хама қаласына басып кірді деп хабарлады жергілікті тұрғындар. Бұл жердегі президент Башар әл-Ассад билігіне қарсы шерушілерді бір айдай торуылдаған үкіметтік күштер қалаға енді.

Сирия жасағы сенбі күні елдің шығысындағы қаланы қоршауға алғанда, кемінде 5 бейбіт тұрғын қаза тапты дейді жергілікті белсенділер.

Сириядағы адам құқын бақылаушы топтар елде билікке қарсы наразылықтар басталғаннан бері 1888 адам қаза болды, оның 369-ы қауіпсіздік күштері деп хабарлайды.
XS
SM
MD
LG