Accessibility links

Мәскеу өзенінде катер суға батып, кемінде 8 адам қаза тапты


Мәскеу өзенінде баржаға соғылған кішкентай кеме. 31 шілде. 2011
Мәскеу өзенінде баржаға соғылған кішкентай кеме. 31 шілде. 2011
Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Мәскеу өзенінде сенбі күні түнде суға батқан кемеде болған 8 адамның мәйіті табылды. Тағы екеуі іздестіріліп жатыр.

Бұл серуенге шыққан кемеде барлығы 17 адам болған. Жетеуі құтқарылды деп айтылуда. Сауық құрған кеме сүйретпе жүк кемесіне соғылып, суға батқан.

РИА Новости агенттігіне Мәскеу қалалық төтенше жағдайлар басқармасының өкілі Юрий Бесседин айтқандай, кеме апаты өзендегі тәртіптің бұзылуынан болған болуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG