Accessibility links

Қашғарда 12 адам қаза тапты


Ұйғыр ұстасы. Қашғар. 3 қараша 2006 жыл.
Ұйғыр ұстасы. Қашғар. 3 қараша 2006 жыл.
Жексенбі күні Қытай батысындағы Қашғар қаласында ресми мәлімет бойынша 12 адам қаза тапты.

Мемлекеттік Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні бірнеше адам жүк көлігін басып алған. Жүргізушіні бауыздаған олар жолаушыларға да тиіскен. Салдарынан кем дегенде 7 адам қаза тауып, 28 адам жараланған.

Полиция бассыздық жасаған бес адамды атқан.

Бұдан алдын осы оқиғада бомба жарылғаны хабарланған еді. Алайда ресми ақпарат құралдары ресторандағы өрт жайында хабар таратты. Өрттен ешкім зардап шекпесе керек.

Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Қашғар қаласы Тәжікстанмен шекара маңында орналасқан. 2009 жылы осы аймаққа мұнай өнеркәсібін дамытуға келген қытайлар мен жергілікті ұйғырлар арасындағы қақтығыс болды. Салдарынан 200 шамалы адам қаза тапқан еді.
XS
SM
MD
LG