Accessibility links

Өзбекстан қазақстандық туристерді толықтай босатты


Өзбекстан қамауда ұстаған қазақстандық туристерді толықтай босатты. Жексенбі күні қамаудағы қалған төрт альпинист турист Қазақстанға келді.

Бұл турасында туристердің бірі Марс Садықов Азаттыққа хабарлады. Айтуынша, олар ешқандай айып төлеместен босаған. "Алайда екі апта бойы қамап қойғанда ешкіммен тілдестірмеді. Біздің әрқайсымызды бөлек камераға қамады. Құқығымыз бұзылды",-дейді ол.

Марс Садықов туристердің шынымен адасып, өзбек жеріне өтіп кеткенін мойындады.

Шілденің 10-ында құрамында үш ересек, тоғыз жасөспірім бар туристік топ Шымкенттен Майдантал тауына шығуға кеткен еді. 20 шілдеде қайту керек оларды өзбек шекарашылары ұстап алып, қамап тастады.
XS
SM
MD
LG