Accessibility links

Түркияда бас қолбасшылар жаңадан тағайындалмақ


Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған Жоғары әскери кеңестің жиынына төрағалық етуде. 1 тамыз. 2011 жыл.

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған Жоғары әскери кеңестің жиынына төрағалық етуде. 1 тамыз. 2011 жыл.

Түркияның саяси және әскери басшылығы қарулы күштердің жоғары шенді генералдары қызметтерінен бас тартқаннан кейін ашық жиын өткізіп, елдегі әскери тәртіпті қалпына келтірмекші.

Жұма күні әскери қолбасшылық басшысы, генерал Ишик Кошанер елдегі армия, теңіз және әуе күштерінің қолбасшыларымен бірге қызметінен кеткен. Олар Ердоған үкіметін құлатпақ болды деп көптеген генералдар мен әскерлердің түрмеге жабылғанына наразылық танытты.

Түркия тарихында бірінші рет қарулы күштердің төрт бірдей қолбасшысы бір күнде қызметінен кетіп отыр.

Енді премьер-министр Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен Жоғары әскери кеңестің төрт күнге жоспарланған кездесуі әскери шенділер арасынан жаңадан қолбасшылар тағайындайтын болады.

Түркияның исламшыл үкіметі мен зайырлы қоғам құруды қалайтын әскерилері арасында текетірес біраз уақыт жалғасып келеді.
XS
SM
MD
LG