Accessibility links

Германия БҰҰ-ын Сирияға қатысты төтенше жиын өткізуге шақырды


Жексенбі күні Хама қаласындағы атыс. 31 шілде. 2011 жыл.

Жексенбі күні Хама қаласындағы атыс. 31 шілде. 2011 жыл.

Германия БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне қайрылып, Сириядағы қақтығыстың ушығуына байланысты төтенше отырыс өткізуге шақырды. Адам құқын қорғаушы белсенділер жексенбі күні Сирияда қаза тапқандар саны 140-қа жетті деді.

Ел президенті Башар әл-Ассадтың режиміне қарсы наурыз айында басталған наразылық шаралары толастамай келеді. Жексенбі күні шерушілердің үлкен қаласы Хамаға үкіметтік күштер танкімен кіріп, атыс болды.

Сириядағы шерушілердің күшпен басып-жанышталуын халықаралық қауымдастық айыптады. Қауіпсіздік Кеңесі бүгін кешке дейін төтенше жиын өткізу мүмкін.
XS
SM
MD
LG