Accessibility links

Пхеньян ядролық келіссөздерді қайта бастағысы келеді


Бүгін Солтүстік Корея ядролық қарусыздану келіссөздерін ешқандай алғы шарттарсыз тезарада бастағысы келетінін айтты.

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі өткен аптада Солтүстік Кореяның өкілі Нью-Йоркке барып, АҚШ өкілдерімен кездесіп қайтқан соң айтылып отыр.

Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына қатысты алты жақты келіссөздерге Солтүстік және Оңтүстік Кореялар, Қытай, Ресей, Жапония және АҚШ қатысып келген. Пхеньян 2009 жылы сәуір айында ядролық сынақ жасап, ол келіссөздерден шығып кеткен.

Сырқы істер министрлігі Солтүстік Корея үкіметі 2005 жылы қол қойылған келісім аясында өзінің міндеттемелерін орындауға дайын деді. Пхеньян экономикалық көмек алу үшін ядролық бағдарламасын тоқтатуға келісіп отыр деді министрлік.
XS
SM
MD
LG