Accessibility links

Италияға жеткен кемеден 25 адамның мәйіті табылды


Италияға бас сауғалап келген африкалық әйел-балалар.
Италияға бас сауғалап келген африкалық әйел-балалар.
Италия жағалауындағы сақшылар Солтүстік Африкадан Италияның Ламдпедуза аралына өтпекші болған мигранттар кемесінен 25 адамның денесі табылды.

Ресми орындар табылған мәйіттердің бәрі жастар екенін, олар кішкентай жерде сығылысып қалғанын айтады. Олардың нақты неден қаза болғандары анықталмады, бірақ ресми өкілдер олар тар жерде ауа жетпей өлген болуы мүмкін деп отыр.

Ливиядан шыққан кемеде екі күн бұрын 296 адам болған. Тым көп адам тиеген кеменің моторы күйіп кеткендіктен, түтінге тұншыққан 25 мигрант сыртқа шығуға тырысқан, бірақ үстінде орын болмай олар іште қалған.

Қаңтар айынан бері Лампедуза аралына 33 мың ливиялық келген.
XS
SM
MD
LG