Accessibility links

Өкілдер палатасы қарыз лимитін өсіру туралы заң жобасын мақұлдады


АҚШ конгрессінің өкілдер палатасы дүйсенбі күні мемлекеттік қарыз лимитін өсіру жөніндегі заң жобасын мақұлдады.

Құжатты республикашылар партиясы басым дауыспен қолдады. Демократтар дауысы екіге жарылды. Ықтимал дефолттың алдын бөгейтін бұл заң жобасын сейсенбі күні сенат талқылайтын болады.

Заң жобасы бойынша елдің қарыз межесі 2,4 триллион долларға жетпек. Сонымен қатар алдағы өкілдер палатасы 10 жыл ішінде мемлекеттік шығынды 2,1 триллион долларға қысқарту жоспарын да мақұлдады.
XS
SM
MD
LG