Accessibility links

Карачидегі қақтығыстан 11 адам қаза тапты


Полиция қақтығыс болған жерден тұрғындарды көшіріп жатыр. Карачи. 1 тамыз 2011 жыл.

Полиция қақтығыс болған жерден тұрғындарды көшіріп жатыр. Карачи. 1 тамыз 2011 жыл.

Дүйсенбі күні Пәкістанның Карачи қаласында этникалық қақтығыс салдарынан 11 адам қаза тапты.

Қаланың батысында оқ атылғаны айтылады. Кем дегенде бір ресторан мен екі автобус өртенген.

Билік тәртіпсіздікке этникалық топтардың мүддесін көздейтін "Муттахед-е Қауми" партиясын және "Авами" ұлттық партиясын кіналап отыр.

Карачиде шілде айындағы қақтығыстан 200-ден аса адам қаза тапқан еді.
XS
SM
MD
LG