Accessibility links

Рамазан айына қарамастан Сирияда қан төгу жалғасты


Хама қаласына кірген сириялық әскердің танкілері. 1 тамыз. 2011

Хама қаласына кірген сириялық әскердің танкілері. 1 тамыз. 2011

Адам құқын қорғаушы топтар мұсылмандардың қасиетті Рамазан айының бірінші күнінде де Сирияда қауіпсіздік күштерірежимге қарсы шерушілерді күшпен басып, кемінде 24 адамды өлтірді деп хабарлады.

Лондонда орналасқан Сириядағы адам құқықтарын бақылау орталығы қанды қырғын негізінен жексенбі күні үкіметтік күштер танкімен енген Хамада орын алды деп отыр.

Сирия үкіметінің әскері Хама қаласын басып алғанда, 100-ден көп адам қаза тапқаны айтылды. Кеше кешкісін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі төтенше жиынын жабық өткізіп, Сириядағы ушығып кеткен қақтығыс туралы талқылады.

Дипломаттардың айтуынша, Батыс елдері бейбіт шерушілерге оқ атқан Сирия режимін қанды қырғын жасады деп айыптаған.
XS
SM
MD
LG