Accessibility links

БҰҰ барлық әуежолдарын Африкаға көмек жеткізуге шақырды


Могадишу әуежайына жеткен қайырымдылық көмегі.27 шілде.2011
Могадишу әуежайына жеткен қайырымдылық көмегі.27 шілде.2011
Бүгін БҰҰ барлық әуе жолдары компанияларына қайрылып, құрғақшылық пен аштық тауқыметін тартып жатқан Сомали түбегіне кіретін африкалық елдерге төтенше көмек көрсетіп, азық-түлік жеткізуге шақырды.

БҰҰ-ның Балалар қорының өкілі Меркадо африкалық елдерге тегін тамақ тасу үшін ЮНИСЕФ қоры әуе компанияларына қайрылып, көмек сұрап отыр деді.

British Airways, Lufthansa және тағы басқа бірқатар әуежолдарына аптасына 50 тоннаға дейін азық-түлік тасу ұсынылған. Бірақ аталған қор басқа да әуежолдары осылай көмектессе деп отыр. ЮНИСЕФ қоры егер Сомали түбегіндегі елдерге бірер аптада азық-түлік жеткізілмесе, жарты миллионнан аса бала аштан өледі деп дабыл қағып отыр.
XS
SM
MD
LG