Accessibility links

Египеттің биліктен қуылған президентіне қарсы сот басталды


Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәк. 19 қазан. 2010 жыл.

Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәк. 19 қазан. 2010 жыл.

Бүгін Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәктың соты басталды. Оған сыбайлас жемқорлық жасады және ақпан айында 30 жылдық режимге қарсы шыққан шерушілерді өлтіруге нұсқау берді деген айыптар тағылған.

Шарм ел-Шейх қаласындағы ауруханада жатқан 83 жастағы Мүбәрәк бүгін Каирдегі сотқа әкелінді. Египеттің қазіргі билігі Мүбәрәктің сотын тікелей мемлекеттік телеарнадан көрсетіліп жатқанын айтты.

Бұрынғы президент пен оның билігі тұсындағы ішкі істер министрі Хабиб әл-Адли және тағы полиция басшылары болған алты адамға халық толқуы кезінде 850 адамды өлтірді деп сотқа тартылған. Егер олар кінәлі болып табылса, өлім жазасына кесілулері мүмкін.

Мүбәрәк пен оның екі ұлы Гамал және Алааға коррупциялық айыптар да тағылған.
XS
SM
MD
LG