Accessibility links

Өзбекстан босатқан 3 туристке Қазақстан қылмыстық іс қозғауы мүмкін


Қазақ-өзбек шекарасындағы ала баған. Оңтүстік Қазақстан аймағы. Ақпан, 2010 жыл.

Қазақ-өзбек шекарасындағы ала баған. Оңтүстік Қазақстан аймағы. Ақпан, 2010 жыл.

Өзбекстан билігі қамауда ұстап, жақында босатқан қазақстандық саяхатшылар тобының ересектеріне қарсы іс қозғалуы мүмкін. Бұл туралы бүгін «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі саяхатшылардың біріне сілтеме жасап хабарлады.

Саяхатшылар тобының жетекшісі Ербол Оразалиннің айтуынша, оларға қарсы әзірге ресми айып тағылмаған. Бірақ оларға мемлекеттік шекараны заңсыз өткені үшін қылмыстық іс қозғалатынын айтқан. Егер сотқа тартылса, 3 альпинист бес жылға түрмеге жабылуы мүмкін.

Өзбек билігі босатқан туристердің бұл үшеуі Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан аймағындағы шекара қызметінде тергеуге қатысып, сұрақтарға жауап беруде.

Шымкент қаласынан 10 шілде күні құрамында 9 жасөспірім, 3 ересек адам бар туристер тобы хабарсыз кетіп, кейін Өзбекстан шекарашыларының қолына түскені хабарланған. Ташкент оларды өткен аптаның соңында босатқан.
XS
SM
MD
LG