Accessibility links

Мүбәрәк өзіне тағылған барлық айыпты мойындамады


Хосни Мүбәрәк сотта жауап беріп жатыр. Каир. 3 тамыз 2011 жыл.
Хосни Мүбәрәк сотта жауап беріп жатыр. Каир. 3 тамыз 2011 жыл.
Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәк өзіне тағылған айыптарды мойындамады. Сейсенбіде басталған сотта оған жемқорлық және ақпан айындағы шерушілерге қарсы әрекетке қатысты айып тағылған еді.

Бұрынғы президенттің ұлдары Гамал мен Алаа да тағылған айыптарды мойындамады.

Хосни Мүбәрәк сотқа зембілмен жеткізілді. Адвокатының айтуынша, Мүбәрәк қатты ауырады. Келесі сот мәжілісі тамыздың 15-іне белгіленді.

Сәрсенбі күнгі сот кезінде сот ғимараты маңында Мүбәрәкті жақтаушылар мен қарсылар арасында төбелес болды.
XS
SM
MD
LG