Accessibility links

Франция Панаманың бұрынғы диктаторын экстрадициялайды


Панаманың бұрынғы диктаторы Мануэль Норьеганың биліктегі (сол жақтағы) және Америкадағы қамаудағы суреті.

Панаманың бұрынғы диктаторы Мануэль Норьеганың биліктегі (сол жақтағы) және Америкадағы қамаудағы суреті.

Франция сәрсенбі күні Панаманың бұрынғы диктаторы Мануэль Норьеганы өз еліне экстрадициялайтынын жариялады.

Ол қазір заңсыз жолмен табыс тапқаны үшін Францияда жеті жылдық түрме жазасын өтеп бітті.

Панаманы 1983-1989 аралығында басқарған Мануэль Норьега Францияға дейін Америкада 15 жыл қамауда болды. Онда Норьега есірткі саудасы және заңсыз табыс тапқаны үшін айыпталған еді.

Панамада ол билігі кезінде адам құқығын аяқасты еткендігі үшін айыпталды. Енді Норьега Панамада 20 жыл түрмеде отырмақшы.
XS
SM
MD
LG