Accessibility links

Көкшетауда үш полиция қызметкері сотталды


Көкшетау қалалық соты қалалық ішкі істер басқармасының үш қызметкерін азаптауға барғаны үшін соттап, үкім шығарды.

Ішкі істер басқармасының бір қызметкері үш жылдық жазасын жалпы режимдегі түрмеде өтемекші. Оның екі әріптесі екі жыл сынақ мерзімімен қоса екі жыл түрмеге кесілді.

Бейсенбі күні Интерфах-Қазақстан агенттігінің облыстық прокуратураға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, полиция қызметкерлері 2010 жылы Көкшетау тұрғынын ұрып-соғып, жасамаған қылмысын мойындатпақ болған.

Полицейлер алғашында қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталса, кейін Қылмыстық кодекстің «азаптау» бабы бойынша жауапқа тартылды.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG