Accessibility links

АҚШ кибер-шабуылдар жасалғанын анықтады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
АҚШ билігі ең ірі хакерлік шабуылдар турады деректі растады. Желі қауіпсіздігі мәселесімен айналысатын америкалық McAfee компаниясының хабарлауынша, әлемнің 14 еліндегі 70 мемлекеттік мекеме мен үкіметтік емес ұйымдар сайттарына жасалған кибер-шабуылдар бес жыл бұрын басталған. Ол шабуыл әлі күнге дейін тоқтамаған.

Кибер-шабуыл құрбаны болған ұйымдар арасында БҰҰ секретариаты, Халықаралық олимпиада комитеті, АҚШ, Тайвань, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Канада үкіметі, бірнеше қорғаныс компаниялары бар.

McAfee компаниясы кибер-шабуылдарды ұйымдастырған анық бір ел бар екенін айтады. Бірақ толық мәлімет бермеді. Кейбір дерек бойынша, кибер-шабуылды ұйымдастырған Қытай болуы мүмкін. Қытай үкіметі бұған байланысты ештеңе демеді.

АҚШ ұлттық қауіпсіздігі агенттігінің өкілі Джанет Наполитаноның айтуынша, бұл деректерді мұқият тексерген соң тиісті шара қабылданады.
XS
SM
MD
LG