Accessibility links

Украина шахтасындағы апат құрбандары 27 адамға жетті


Қаза тапқан кеншілерді жерлеу.

Қаза тапқан кеншілерді жерлеу.

Украинаның Луганск облысындағы "Суходольская-Восточная" шахтасындағы апаттан құрбан болған адамдар саны 27-ге жетті.

Бүгін сол апаттан жараланып, бірақ аман қалған екі кеншінің бірі ауруханада көз жұмды.

Шахтада 29 шілде күні 915 метр тереңдікте метан жарылған еді. Ол кезде бұл маңда 28 адам жұмыс істеп жатқан.
XS
SM
MD
LG