Accessibility links

Норвегиялық белсенді Назарбаевты Нобель сыйлығына ұсынды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Алматы, 2 тамыз 2010 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Алматы, 2 тамыз 2010 жыл.

Норвегиялық «Bike for Piece» («Велосипедшілер бейбітшілік үшін») қоғамдық ұйымының жетекшісі Торе Наерланд Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 2012-2013 жылғы бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығына ұсынды. Ол бұл ұсынысын Норвегия мен АҚШ парламентарийлеріне жазған.

«Қазақстан президенті (ядролық қару таратпау жөнінен) бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына лайық», - деді Наерланд бейсенбі күні Қазақстан сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Норвегиялық «Bike for Piece» ұйымы 6-29 тамыз аралығында Қазақстан тәуелсіздігінің және Семей сынақ полигоны жабылғанының 20 жылдығы құрметіне Семей-Алматы-Астана бағытында велосипедпен жүріп өтпек.
XS
SM
MD
LG