Accessibility links

Клинтон: Вашингтон Дамаскіге қысымды күшейтпек


Америка мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.

Америка мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.

Америка мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Вашингтонның Еуропа, араб елдері тарапынан Сирия билігіне қысымды күшейтуге тырысатынын мәлімдеді.

Клинтонның айтуынша, Сирия президенті Башар әл-Асад наурыз айынан бері жалғасқан жаппай наразылық барысындағы екі мыңнан аса адамның қазасына жауапты.

"Вашингтон әл-Асад өз халқының сенімінен айырылды деп санайды",- деді Клинтон.

Сәрсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Дамаскінің бейбіт шерушілерді жаныштап, қуғындауын айыптады. Сириядан әлі де адам өлімі турасында мәліметтер түсіп жатыр. Сирия оппозициясы көсемдерінің бірі Мұхеддин Ладхикани өзінің жақтастары қыркүйекте Тунисте алғашқы конгресін өткізетінін айтты.
XS
SM
MD
LG