Accessibility links

Украина шахтасында жараланған тағы бір кенші қайтыс болды


Қаза тапқан кеншілерді жерлеу. Украинаның Луганск облысы, 31 шілде 2011 жыл.

Қаза тапқан кеншілерді жерлеу. Украинаның Луганск облысы, 31 шілде 2011 жыл.

"Суходольская-Восточная" шахтасындағы апаттан жараланған тағы бір кенші бүгін ауруханада көз жұмды.

Шахтада 29 шілде күні 915 метр тереңдікте метан жарылған еді. Ол кезде бұл маңда 28 адам жұмыс істеп жатқан. Бүгін қайтыс болған кенші сол 28 адамның ішінен аман қалған жалғыз жұмысшы болатын.

Украинада "Суходольская-Восточная" шахтасынан кейін Бажанов атындағы шахтада да апат болып, 11 адам мерт болды. Ал кеше "Краснокутская" шахтасындағы метан жарылысынан 1 кенші қаза тапты.
XS
SM
MD
LG